Русский Сайттың толық нұсқасы

Елде ет экспортын жылына 50 мың тоннаға дейін ұлғайту көзделген

  • AstanaTV
  • 08 шілде 2025
  • 135
Фото: freepik.com

Қазақстан ет экспортын жылына 50 мың тоннаға дейін арттыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Astana TV.

Оның айтуынша, етті мал шаруашылығында аустралиялық тәжірибені енгізу жобалары іске қосылады.

«Бұл жобалардың іске асырылуы жылына 50 мың тоннаға дейін ет экспорттауға және 500 млрд теңге көлемінде табыс әкелуге мүмкіндік береді. Аустралиялық тәжірибе негізінде жүзеге асырылатын 14 жобаға 29,3 млрд теңге қарастырылған», - деді Сапаров Үкімет отырысында.

Министр мал шаруашылығының өзге де бағыттары назардан тыс қалмағанын атап өтті. Мәселен, соңғы бес жылда құс еті өндірісін ұлғайту есебінен құс шаруашылығы саласындағы өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейі 58%-дан 80%-ға дейін ұлғайған. Өндіріс көлемі 2020 жылғы 235,3 мың тоннадан 2024 жылы 358,7 мың тоннаға дейін өсті. Алдағы уақытта бұл сала толық өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейіне жетеді.