Русский Сайттың толық нұсқасы

Мопед жүргізушісі полицейді қағып, қашып кеткен

  • AstanaTV
  • 08 шілде 2025
  • 99
Фото: ПД

Алматыда жол ережесін өрескел бұзып, полицияның заңды бұйрығын орындамаған 20 жастағы мопед жүргізушісі жауапқа тартылды, деп хабарлайды Astana TV.

Оқиға Төле би даңғылында орын алды. Жедел іс-шаралар нәтижесінде құқық бұзушы анықталып, ұсталды. Оған қатысты бірнеше әкімшілік құқық бұзушылық бабы бойынша іс қозғалды, оның ішінде полиция қызметкерінің заңды талабына бағынбағаны үшін де жауапкершілік қарастырылған. Сот қаулысымен құқық бұзушы 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Бұл – шектен шыққан әрекет. Мұндай жағдайда жазаның бұлтартпастығы қағидасы іске асады. Кейбір жол қозғалысына қатысушылардың салғырттығы, жауапсыздығы немесе агрессиясы қоғамдық қауіпсіздікке қауіп төндірмеуі тиіс. Әр азамат заң талаптарын сақтауға міндетті. Біз мұндай құқық бұзушылықтарға жол бермейміз, - деді, Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі Басқармасының бастығы Серік Шумаев.