Русский Сайттың толық нұсқасы

Көкөніс бағасы арзандап жатыр

  • AstanaTV
  • 08 шілде 2025
  • 124
Фото: Егемен Қазақстан

Үкіметте бірінші жартыжылдықтағы инфляция қорытындысын шығарды, деп хабарлайды Astana TV.

Үш апта қатарынан картоп бағасы 1,3%-ға арзандаса, өткен аптадан сәбіз бағасы 0,9%-ға төмендей бастады. Ерте піскен өнімді жаппай жинау басталысымен, алдын ала күтілгендей, әлеуметтік маңызы бар көкөністер бағасының өсуі тоқтап қана қоймай, төмендей бастаған.

Қазақстанда отандық азық-түлік өндірісі артып келеді. 2025 жылдың 5 айында оның көлемі 10,5%-ға өсіп, 1,5 трлн теңгені құрады.

Әлеуметтік азық-түлік тауарларының ішінде ең көп өсім мына азық-түлік түрлеріне тиесілі:

  • қызылша қанты (4,6 мың тоннадан 64 мың тоннаға дейін);
  • өсімдік майы (316,3 мың тоннадан 376,8 мың тоннаға дейін);
  • сары май (13 мың тоннадан 15 мың тоннаға дейін);
  • ұн (1,3 млн тоннадан 1,4 млн тоннаға дейін);
  • ашытылған сүт өнімдері (102 мың тоннадан 106 мың тоннаға дейін);
  • өңделген сүт (264 мың тоннадан 274,6 мың тоннаға дейін).

 

Автор: Ораз Сезім.