Русский Сайттың толық нұсқасы

Ресейде авиациялық дағдарыс салдарынан 11 мың турист зардап шекті

  • AstanaTV
  • 08 шілде 2025
  • 88
Фото: news.novyny.live

Ресей әуежайларында 5-7 маусым аралығында болған аавиациялық дағдарыс салдарынан 11 мыңға жуық турист рейстердің ұшырылмауы немесе кешіктірілуі жағдайына тап болды. Бұл туралы Ресей туроператорлары қауымдастығының (РТҚ) сайтында айтылған, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Аталған уақыт аралығында рейстердің 4 сағат және одан да ұзақ уақытқа кешіктірілу жағдайына шетелге демалуға шыққан 5,5 мыңнан астам ресейлік тап болған. Тура осыншама адам Ресейге ұшып бара алмаған.

Ең алдымен қиындықтар Түркия мен Мысыр бағытындағы рейстер бойынша туындады. Өйткені бұл бағытпен (Шереметьево, Пулково) ұшатындар саны өте көп. Turkish Airlines 6 және 7 шілде күндері Пулководан Анталья мен Ыстанбұлға ұшатын рейстерінің жартысын тоқтатты. 6 маусымда Дубайға ұшатын Emirates әуе компаниясының EK 176 рейсі тоқтатылды, ал Аэрофлоттың Пхукетке ұшатын рейсі бір тәулікке жуық кешікті.

Еске сала кетейік, РФ Көлік министрлігінің мәліметінше, 5 шілде күні Шереметьево, Пулково және Стригино (Нижний Новгород) әуежайларында 250-ден астам рейс тоқтатылып, 270-тен астамы кешіктірілген.

6 шілде күні сағат 18:00-дегі жағдай бойынша, Шереметьевода — 171, Пулководa — 90, ал Стригинода — 26 рейс тоқтатылған. Екі сағаттан астам кешіккен рейстер саны: Шереметьевода — 56, Пулководa — 37, Стригинода — 13 рейс. Жалпы алғанда, шамамен 480 рейс тоқтатылып, 1900 рейс кешіктірілген.