Атырау облысында мопед тізгіндеген жасөспірім қаза тапты. Оқиға Құлсары қаласында болған.
13 жастағы бала мопед көлігімен қоғамдық автокөлікке соқтығысқан. Ауруханаға жеткізілгенімен, өкінішке орай, аман алып қалу мүмкін болмады. Мамандар жол ережесін сақтап, қауіпсіздік талаптарын орындауға шақырып отыр. Айта кетейік, жыл басынан бері аймақта мопед көлігінің қатысуымен 19 жол-көлік оқиғасы болған.
ДИНА МАҚСОТОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПД АҚПАРАТТЫҚ САЯСАТ БӨЛІМІНІҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:
Мопед көлік құралын басқарған 2012 ж.т, жасөспірім ауруханаға жеткізіліп, алған дене жарақаттары салдарынан қаза тапқан. Қылмыстық іс тіркеліп, кешенді тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат
тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды.