Русский Сайттың толық нұсқасы

«Түрменің камерасындай»: Баянауылдағы демалыс орны жұртты шошытты

  • AstanaTV
  • 08 шілде 2025
  • 91
Фото: скриншот

Баянауылдағы қонақ үйдің жұтаң көрінісі жұрттың жағасын ұстатты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Желіде жарияланған видеода ер адам демалыс орнының жағдайын көрсеткен.

Автордың сөзінше, ескі-құсқы төсек жабындар, тұтқасы жұлынған есік, тозған едені бар бөлменің бағасы - 28 мың теңге, ал әр төсектің бағасы 7 мың теңге тұрады.

Ол далада бірнеше мерт қашықта орналасқан дәретхана мен жуынатын орынды көрсетіп: «осындайы болмаса, табиғаты тамаша жер ғой», - дейді.

Желідегілер түрлі пікір қалдырып, ашуланып жатыр.

«Былтыр барғанбыз, тура осы жағдай басымыздан өтті, бөлмесі де, төсегі де кір, дәретхана сасып жатыр. Бағасына тұрмайды, бұл жаққа барудың керегі жоқ», «Масқара, ақшасын алады, бірақ жалға беретін жерін жөндемейді», «Қалай бар, солай түсіріп көрсететіндер табылды-ау, мынау не деген құрметсіздік, бұл жерде қалай жатуға болады? Тіпті арзан болғанның өзінде, лашық сияқты болмау керек қой», «Египет пен Түркиядағы ең нашар деген бөлменің өзі мұндай түрме камерасындай емес», - деп жазды олар.