Алматы облысы Қонаев қаласында демалуға келген әйел суға батып, қайтыс болды. Шомылу аймағында құтқарушылар болмағандықтан сол маңдағы куәгерлер тұншыққан келіншекті жағаға шығарып, алғашқы медициналық көмек көрсеткісі келген. Бірақ оны құтқару мүмкін болмапты. Бұл нысанда кезекші құтқарушылар да, бейнебақылау камералары да, фельдшерлік пункт те қойылмаған көрінеді. Куәгерлердің айтуынша, бұндай жазатайым жайт мұнда жиі орын алады екен.