Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанайда адам қорқытып, ақша бопсалағандар ұсталды

  • 08 шілде 2025
  • 54

Қостанайда қала тұрғынын қорқытып, 500 мың теңге бопсалаған топ қолға түсті. Күдіктілерді полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ұстады.Тергеу мәліметіне жүгінсек, алдын ала сөз байласқан топ жәбірленушіге сес көрсетіп,ақша талап еткен. Екі адам қамауға алынды. Факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

БАУЫРЖАН ҚАСЫМХАН, ОБЛЫСТЫҚ ПД АҚПАРАТТЫҚ САЯСАТ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:

Қылмыстық іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (Алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған бопсалау) бабы бойынша тіркелді.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын және басқа да эпизодтарды анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.