Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағандыда әйелді пойыз қағып кетті

  • AstanaTV
  • 08 шілде 2025
  • 93
Фото: ҚТЖ

Машинист пойызды шұғыл тежегенмен тоқтап үлгермей, әйел адамды қаққан, деп хабарлайды Astana TV.

Зардап шеккен әйел аяғын сындырып алған. Ол Қарағанды-Сұрыптау станциясында жедел жәрдем бригадасына тапсырылды. Алдын ала мәлімет бойынша, әйел мас болған.

«Оқиға салдарынан пойыз 18 минутқа кешікті. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр, ақпарат құқық қорғау органдарына берілді», – делінген хабарламада.