Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда ауызсумен қамтитын жаңа нысан салынып жатыр

  • 08 шілде 2025
  • 52

Алматыда Мәжіліс депутаттары су инфрақұрылымының құрылысымен танысты. Наурызбай ауданында 100 мың тұрғынды ауызсумен қамтитын жаңа нысан салынып жатыр. Бұл жоба «Amanat» партиясының 2023-2027 жылдарға жоспарланған Сайлауалды бағдарламасы аясында қолға алынды. Мәжіліс депутаттары Айдос Сарым мен Сергей Пономарев аудандағы су тарту құрылысы мен тазарту бекеттерінің жұмыстарын бақылап, сүзгіден өткізіп шықты. Бұл нысан Наурызбай ауданының тұрғындарының ғана емес, Алматы облысына қарасты Қарасай ауданының біршама елді-мекенінің кәдесіне жарағалы тұр. Тіршілік нәрі тартылатын станция Ақсай шатқалында орналасқан. Бұл аймақтағы өзен – Алматыдағы таза су көздерінің бірі боп саналады.  Инфрақұрылымның 85 пайызы дайын, осы жылдың қарашасында қолданысқа берілмек.

АЙДОС САРЫМ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Көгалдандыру, асфальттау сияқты жұмыстарын бітіріп, обьектіні «Алматы су» кәсіпорнына тікелей тапсырып, одан кейін қала тұрғындарының толық игілігіне жұмыс істейтін үлкен ұйымға айналатын болады. Осының өзінде 70-80 адам жұмыс істейтін болады. Өзінің тұрақты лабораториясы бар. Қаланың жоғарғы жағындағы және облыстың біраз азаматтарының күнделікті мәселесі шешіледі толығымен.