Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылордада халықаралық форум өткізілді

  • 08 шілде 2025
  • 56

Қызылордада «Қазақстан Ұлттық урбан форумы 2025 – Қызылорда» халықаралық форумы өтті. Оған бірнеше министрліктер мен Біріккен Ұлттар ұйымының өкілдері және еліміздің барлық өңір әкімдері мен басқарма басшылары қатысты. Шарада бірнеше секциялар бойынша жиындар өткізіліп, қатысушылар ойларын ортаға салды.

Қызылорда – дәстүрлі аграрлы аймақ. Дегенмен халқының 50 процентке жуығы облыс орталығына қоныстанған. Мегаполис болмағанымен жыл өткен сайын қарыштап дамып, халқының саны да артып келеді. Аймақта тың бастамалар мен ауқымды жобалар жүйелі жүзеге асуда. Облыс әкімі атқарылған жұмыстарды айта келе, форумның өзектілігіне тоқталды.

НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ, ОБЛЫС ӘКІМІ:

Бұл форум еліміздегі урбанистика саласын жаңа деңгейге көтеруге бағтталған тарихи бастама. Біз урбанизацияны жай ғана құрылыс емес, адамға бағытталған қауіпсіз, таза, инклюзті, қол жетімді, зияткер әрі экологиялық қалалар құру үрдісі ретінде қабылдаймыз.

Форум барысында Қазақстанның урбанистік көзқарасын қалыптастастыру, еліміздің құрғақ аймақтарындағы климат және қалалық тұрақтылық секілді ауқымды мәселелер айтылды. Аймақта өз жобаларын жүзеге асыруға ниетті шетелдіктер өз жобаларын ортаға салды.

ЮРИЙ БЕЛЕВСКИЙ, ФОРУМҒА ҚАТЫСУШЫ:

Африканың құрғақ, шөлейтті аймақтарындағы су тапшылығын жою бойынша үлкен жобалармен жұмыс істедім. Қызылордада да соған ұқсас, Сырдария өзеніндегі су тапшылығы мәселесі өте өзекті. Сондықтан оны халықаралық деңгейде, әрістестік-ынтымақтастық байланыс арқылы шешу керек деп есептеймін.

Форум соңында облыс әкімдікігі мен UN-Habitat ұйымы декларацияға қол қойды.

АРДАҚ ЗЕБЕШОВ, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қорытынды біздің декларация. Ол біздің келешекте бүгінгі форумда талқыланған барлығын пайдалы қолдану үшін не атқарамыз деген құжат. Себебі әр форум тек баяндама емес, нақты тәжірибе алмасу.

Халықаралық форум тек талқылау емес, нақты әріптестікке бастайтын жол дейді қатысушылар.  Сондықтан ортақ мақсаттарға жетуде маңызды қадамдар жасауға ықпал ететініне сенімді.