Русский Сайттың толық нұсқасы

Өскемен қаласы Горная ульбинка ауылындағы саяси лагерьге 500 жас жол тартты

  • 08 шілде 2025
  • 59

Өскемен маңайындағы саяси лагерьде 500 жас демалады. Олардың қатарында белсенді жастар, депутаттар мен еріктілер, эко-белсенділер және спортшылар бар. «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» Жастар қанаты ұйытқы болып жатқан шараға еліміздің барлық өңірінен белсенділер аттанды.

Лагерьдің басты мақсаты — көшбасшылық қабілеті бар, заманауи дағдыларға бейім жастардың кәсіби дамуына жол ашу. Қатысушылар тренингтерге қатысып, тимбилдингтерге араласып, сондай-ақ «Bir tolqynda» диалог алаңында пікір алмасу мүмкіндігіне ие болмақ. Ал Қарағанды, Ақмола,  Ұлытау облысының делегаттары Астана қаласында жиналып шықты.

НҰРАЙЫМ ЖҰМАБЕК, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ БЕЛСЕНДІСІ:

Дәл осы жыл өзім іріктеліп алынған көшбасшылардың бірімін. Осындай мүмкіндік туғанына өте қатты қуаныштымын. Себебі, республикалық деңгейде өтетін саяси лагерь жас көшбасшылар мен белсенділердің саяси сауаттылығын арттырып, көшбасшылық қабілетін арттыратын үлкен алаң деп есептеймін.

Алматылық делегация да Өскеменге жол тартты. Қала бойынша 16 белсенді жас лагерьге аттанып, олардың бір бөлігі пойызбен, қалғаны ұшақпен жетуде.

ЕЛАМАН БАҚТҰРАРҰЛЫ, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ АЛАТАУ АУДАНЫ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бұл лагерь үш күнге жоспарланған 7-нен 10-на дейін Өскемен қаласында Қатон-Қарағайда жоспарланып отыр. Лагерь барысында еліміздің әр түкпірінен келген жастармен пікір алмасып, көптеген жаңа бастамалар басталады деп күтілуде.

Жастар саяси лагері тек білім алмасатын орта емес, бұл - болашақ көшбасшылардың бір алаңда тоғысып, идеяларымен бөлісетін, шабыт алатын орыны. Онда әр қатысушының өзіндік дамуына мүмкіндік мол.

ӘСЕТХАН БАЙМҰРЗА, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Лагеръден күтетініміз өте жоғары деңгейде үздіксіз жыл көлемінде атқарған жобаларды бір саралап, сол лагеръде бүкіл жастар қосымша білімдерін алып, дамып, әрі қарай 2-3 жылға азық болып келеді деп сенемін. Және жастар саясатына, жастардың әрі қарай жұмыс жасауына деген ниеттеріне үлкен, көптеген септігін тигізеді деп сенемін.

Лагерьдегі диалогтар мен жобалар жастар арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, болашаққа сенімді қадам жасауға жол ашпақ.