Русский Сайттың толық нұсқасы

Жамбылдық жастар "Таза Қазақстан" акциясына атсалысуда

  • AstanaTV
  • 08 шілде 2025
  • 72

Жамбылдық жастар "Таза Қазақстан" акциясына атсалысуда. 50-ден аса ерікті Астана мөлтек ауданының аулаларын қоқыстан тазартты. Белсенділер қураған шөпті тырмалап, балалар алаңқайы мен тұрғындар тынығатын орындықтарды сырлады. «Жасыл ел» еңбек жасақтарының жастары да бұл шараға жең түре кірісіп кетті. 

РИНАТ АҒАДІЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ «ЖАСЫЛ ЕЛ» ЕҢБЕК ЖАСАҚТАРЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Барлық мөлтек аудандарды тазалауға өзіміз жасыл ел еңбек жасақтары өзіміздің үлесімізді қосып жүрміз. Жастарда өзінің белсенділігін көрсетіп жүр. Жалпы "Таза Қазақстан" акциясына барлық жастарды үлес қосуға шақырамыз. Жастар таза Қазақстанның болашағы деп білеміз.