Қызылордалық «Қайсар» футбол командасы әділетсіздіктің құрбаны болуда. Мәжіліс депутаттарымен кездескен Сыр аяқ допшылары осылай дейді. Айтуларынша, команданы ойын барысында бірнеше рет төрешілер аяқтан шалуға тырысқан. Кейбір голдары есепке алынбаған. Ереже бұзбаса да айып доптары белгіленген. "Қайсар" биыл легионерсіз өнер көрсетуде. «AMANAT» фракциясының мүшелері командаға барынша қолдау көрсететіндіктерін жеткізді. Қызылордада қазір жаңа стадион салынып жатыр. Құрылыстың 80 пайызы аяқталған. Қыркүйекте алғашқы матч өтеді деп жоспарлануда. Дептутаттар көтерілген мәселені тиісті министрлік пен Футбол федерациясына жеткізетінін айтты.
МҰРАТ ӘБЕНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Әрине, легионерсіз ойнаған қиын. Бірақ біз бұны дәлелдемесек, Президенттің саясатын көрсете алмаған боламыз. Легионерден пайда көріп жүргендер қорқып отыр. Қызылорда легионерсіз жақсы ойнап кетсе, олар бизнестен айырылайын деп тұр ғой. Жылда 5-6 ойыншы, миллиондап төлейді. Жарты ақшасы сол легионерлердің чиновниктердің қалтасына кетеді. Бұл жемқорлықтың көрінісі.