Русский Сайттың толық нұсқасы

Өскеменде өрт ғимараттың 2450 шаршы метр аумағын шарпыды

  • AstanaTV
  • 09 шілде 2025
  • 127
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Өрт сөндірушілер Лихарев көшесіндегі бір қабатты ғимаратты алып кеткен өртті сөндірді, деп хабарлайды  Astana TV.

Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері жоғары деңгейлі өрт шақыртуы бойынша шықты. Қою түтін, ауа температурасының жоғарылығы жұмысты қиындатып, өртті сөндіруге кедергі болды.

- Оқиға болған жерде өрт сөндіру штабы құрылды. Су үздіксіз беріліп тұрды. Өрт сөндіру ісін ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің жетекшісі Рашид Блялов басқарды, - деп хабарлады ведомстводан.