Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда 1,9 млн теңге айыппұлы бар көлік анықталды

  • AstanaTV
  • 09 шілде 2025
  • 75

Атырау қаласында Жедел басқару орталығының қызметкерлері “Interceptor” автоматтандырылған бақылау жүйесі арқылы жалпы сомасы 1 904 620 теңге болатын айыппұлы бар автокөлік анықталды.  Құқық бұзушылыққа жол берген жүргізушінің 38 мәрте жол қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны белгілі болды. Toyota Camry маркалы автокөлік қала көшелерінің бірінде жүрген кезде жүйе арқылы тіркеліп, бұл дерек жақын маңдағы патрульдік полиция қызметкерлеріне бағыттама түрінде берілген. Нәтижесінде көлік жол бойында тоқтатылып, арнаулы тұраққа қойылды. Көлік иесі – 32 жастағы қала тұрғыны. Қазіргі уақытта оған қатысты тиісті іс-құжаттар рәсімделіп, қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылдануда.