Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырау облысындағы Қызылқоға ауданын шегіртке қаптады

  • 09 шілде 2025
  • 48

Атырау облысында шегіртке қаптады. Зиянкес Қызылқоға ауданының  шабындық, жайылым жерін  отап жатыр. Шаруалардан да, төрт түліктен де маза қашты.  Қара бұлттай қаптап кеткені сонша, бой берер емес. Итальяндық  үйірлі шегіртке, тіпті, тас жол бойындағығы автокөлік қозғалысына кедергі келтіріп жатыр.

Бұлай жалғасса, мал қысқы азықсыз қалады,- дейді шаруалар.  Ал жауаптылар биылғы  улау жұмысы толық аяқталды,- деп алаңсыз отыр. Айтуларынша, облыс аумағында зиянкестердің көзін жою үшін 200 млн теңге қаражат бөлінген. Оған 75 мың гектар аумаққа химиялық өңдеу жүргізілген. Шегіртке қаптаған Қызылқоға ауданы аумағында 38 мың гектар аумақ уланған.  Шаруалар қанша шырылдаса да, шегірткемен күрес биыл жалғаспайды. Тек дернәсілді қай жерге салғанын  ғана бақылап қана қоямыз,- дейді мамандар.

ТІЛЕК ӘМІРОВ, ОБЛЫСТЫҚ АУМАҚТЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Қазіргі кезде ұшу-шағылысу жұмыстары бойынша улау жұмыстары жүргізілмейді. Біріншіден, тиімсіз, ұшу-шағылысу жұмыстарына үкіметтен бөлінген қаражатты оңды-солды шашуға болмайды. Күздегі күбіршіктерін тексеру басталады, қаншадан салды, қандай тығыздықта салды, көктемде қыстан қалай аман шықты. Сол бойынша 2025 жылға тек қана болжам жасалады. Биылға шегірткені улау жұмыстары аяқталды осымен.