Русский Сайттың толық нұсқасы

«Шымкент жастар театры» директоры мен лауазымды тұлғалар 136 млн теңгені жымқырды деген күдікке ілінді

  • AstanaTV
  • 09 шілде 2025
  • 106

Қаржы мониторингі агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті «Шымкент жастар театры» МКҚК директоры мен өзге де лауазымды тұлғаларға қатысты 136 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеуді аяқтады.

Мемлекеттік бюджеттен 320 млн теңге концертке арналған техникалық жабдықтарды (колонкалар, сабвуферлер, микрофондар, сахналық ферма, күшейткіштер және т.б.) сатып алуға бөлінген. Алайда сатып алу талаптарын бұза отырып, лоттар қолдан бөлшектеліп, 20-дан астам атау бойынша тауарлар электронды дүкен арқылы рәсімделген.

Тергеу мәліметінше, жабдықтар нақты жеткізілмеген, ал келісімшарттар жалған жеке кәсіпкерлермен жасалып, бюджет қаражаты қолма-қол ақшаға айналдырылған.

Күдіктілердің бірі қылмыстық жолмен алынған табысқа жалпы құны 48 млн теңге болатын пәтер мен автокөлік сатып алып, оларды сенімді тұлғалардың атына рәсімдеген.

Сот санкциясымен аталған мүлікке тұтқын салынды, ал күдіктілер қамауға алынды.