Русский Сайттың толық нұсқасы

Мәжіліс депутаттары Қаныш Сәтбаев атындағы су арнасына барды

  • 09 шілде 2025
  • 46

«AMANAT» партиясының депутаттары Қаныш Сәтбаев атындағы су арнасына барды. Су арнасы бүгінде Павлодар, Қарағанды, Ақмола облыстары және Елорданы сумен қамтамасыз етіп отыр. Алайда жарты ғасыр бойы жұмыс істеп тұрған аса маңызды стратегиялық нысан айтарлықтай тозған, жөндеуді қажет етеді. 2026 жылдың соңына дейін мұнда бес сорғы агрегаты ауыстырылады. Мәжіліс депутаттары арнаны жаңғырту бойынша толық қаржыландыруға қол жеткізуге уәде берді.

ЖАРҚЫНБЕК АМАНТАЙҰЛЫ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Мәжілісте Су кодексіне ең көп түзетулер берген депутаттардың бірі ретінде мен осы мәселеге жіті назар аудардым. Мемлекет басшысының да жіті бақылауында бұл канал. Өйткені қазіргі таңда әлемде суға деген қажеттілік, суға деген сұраныс күн сайын артып келе жатыр. Сондықтан каналдың жұмысын жетілдіру аса маңызды.