Ақтөбеде жаңа оқу жылында 300 орындық мектеп ашылады. «AMANAT» партиясының депутаттары жаңа оқу ордасының құрылысымен танысты. Үш жүз орындық білім ордасы «Саяжай-1» тұрғын үй алабында салынып жатыр. Бұл нысан «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында жүзеге асырылып отыр. Мектептің құрылысына 3 млрд жуық қаражат жұмсалған. Барлық заманауи құрал- жабдықпен жабдықталған. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары аяқталып, сыртқы әрлеу, абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Жалпы Ақтөбе облысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасымен 14 мектеп құрылысы жоспарланған . Екі мектеп былтыр пайдалануға берілді. 12 мектептің құрылысы жалғасуда. Төрт білім ордасы жаңа оқу жылына дайын болады.
ҚАЗЫБЕК ӘЛІШЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
60 мектепте 600 орындық мектептің қосымша құрылысы жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар екі мың орындық «Келешек мектеп» жобасы аясында бір мектеп құрылысы берілді. 64 мектептің де қосымша 300 орындық мектеп құрылысы болып жатыр. Барлығымен жаңа оқу жылында үш ауысымдық білім беруді екі ауысымға көшіру жұмыстары осы жылы аяқталады.