Павлодарда «AMANAT» партиясының депутаттары зауыт жұмысшыларымен кездесті. Жүздесу барысында оларды толғандырған мәселелерге жауап беріп, оның шешілу жолдарын ұсынды. «Қазэнергокабель» зауытындағы қызметкерлердің негізгі түйткілі баспана. Осы сұраққа толыққанды жауап беру үшін депутаттар өздерімен бірге «Отбасы» банкінің өкілдерін де ала барды. Биыл жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Жұмыскер» арнайы ипотекалық бағдарламасы іске қосылған болатын. Бағдарламаның жай жапсарын мамандарға жұмысшыларға түсіндіріп берді.
ҚОБЛАНБЕК ҚОЖИН, ПАВЛОДАР ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Бүгінгі келген мақсатымыз білесіздер, Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жұмысшылар жылы деп атап өтті. Соның аясында бірқатар мемлекет тарабынан жұмысшылардың статусын көтеру мақсатында іс-шаралар өтіп жатыр. Мемлекеттік бағдарламалар іске асырылып жатыр. соның барлығын ұжыммен кездесіп, оларға жеткізіп, айтып сұрақтарына беруге тырыстық. Мұндай кездесулер қаламызда әремн қарайда жалғасады. Болып та жатыр.