Мемлекет басшысы ауылдық аумақтарды дамытуға баса көңіл бөлуді қатаң тапсырып, арнайы Жарлыққа қол қойған болатын. Соған сай Қызылордада 2023 жылдан бері дәстүрлі түрде «Үлгілі елді мекен» жобасы қолға алынды. Соның аясында аудандар арасында арнайы конкурс ұйымдастырылып, жеңімпаздарға техникалар үлестіріліп келеді. Осы және Орман шаруашылығы мекемелеріне алынған арнайы техникалармен Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев пен облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев танысты.
«Үлгілі елді мекен» жобасы ауылдардың инфрақұрылымын дамытып, тұрғындардың белсенділігін арттыруға бағытталған. Конкурс барысында ауылдық елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарына басты көңіл бөлінеді. Ал тиянақтылығы мен іскерлігі, ұйымшылдығымен көзге түскен аудандарға түрлі техникалдар табысталады. Бұл аймақта соңғы 3 жылда дәстүрлі түрде өткізіліп келеді.
Биыл да бұл бағытта қомақты қаржы қарастылған. Бірқатар елді мекендерге абаттандыру жобаларын жүзеге асыру мақсатында 15 млн теңгеден берілген. Оған қоса, 564 млн теңгеге 19 арнайы техника алынған.
ҒАЛЫМЖАН ЕРКЕБАЙ, ОБЛЫСТЫҚ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:
Соңғы 3 жылда 48 техника алынып, осы елді мекендерге ең қажетті тазалық жұмыстарына техникалар алып берілуде. Аталмыш жұмыстарға, техникаларға 1 жарым мрлдқа жуық қаражат бөлініп, сондай жұмыстар жүргізілген. «Үлгілі ауыл» деген бір-бірімен елді-мекендер бәсеке жасатып, елдімекеннің тазалығы, көркейтіп, көгалдынуы, бір-біріне жарыс ұйымдастырылады.
Аймақта аудандардың ғана емес, Орман шаруашылығының да ьазасы жаңа, заманауи жабдықтармен толықтырылып отырады.
ҒАЛЫМЖАН ЕРКЕБАЙ, ОБЛЫСТЫҚ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:
Өртті болған жағдайда, алдын алу үшін ұшақ, дрон дейміз ғой, тік ұшақтар. Аталған дрондардың артықшылығы түнгі мезгілде де жұмыс істей алады. Және тепловизерлермен қамтылған. Алыстағы, жақындағы тепло нәрселерді анықтап, бірден жүргізе алады.
Саланың техникалық әлеуетін нығайтуға өткен жылы 102,5 млн теңге бөлінсе, биыл бұл сумма 400 млн теңгеден асады.