«Нұр Отан» партиясының мүшелері міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін тұрғындарға қарқынды түсіндіріп жатыр. Партиялықтар медицина мамандарының қатысуымен осы уақытқа дейін елорданың 60 мекемесінде ақпараттық кездесулер өткізген. Аталмыш ақпараттық топтың мақсаты - халыққа міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың маңыздылығы мен тиімділігін айту. Партиялықтар жаңа жүйені тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жыл аяғына дейін жалғастыратынын жеткізді. Еске салсақ, 1-ші шілдеден бастап елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізілген болатын.
Ерлан Сабырбергенов, "Нұр Отан" партиясы Астана қаласы Сарыарқа аудандық филиалының кеңесшісі:
«Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалы және де жетінші қалалық емханамен бірлесе отырып, бүгінгі таңда «Шапағат» сауда орталығында түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Жұмыстың мақсаты - 1 шілдеде шыққан жеке сақтандыру мәселесіне байланысты халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізу.