Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда «Газель» көлігі өртеніп, күлі қалды

  • AstanaTV
  • 09 шілде 2025
  • 206

Алматы қаласында «Газель» маркалы жүк көлігі толықтай өртеніп кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға Бостандық ауданында, Назарбаев пен Әл-Фараби даңғылдарының қиылысында болған. Әлеуметтік желілерде көлік отқа оранып жатқан сәттің видеолары тарады.

Өрт туралы хабарлама 15:39-да түсті

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше өрт туралы «101» нөміріне хабарлама сағат 15:39-да түскен. Ал 15:41-де бейнебақылау камералары көліктің толықтай жалынға оранғанын тіркеген

«Бұл – өрт туралы кеш хабарланғанын немесе жүргізушінің өздігінен сөндіруге әрекет жасап, сәтсіз болғанын білдіреді», – делінген ведомство мәлімдемесінде

Өрт сөндірушілер оқиға орнына келгенде 2021 жылы шығарылған «Газель» көлігі ашық жалынмен жанып жатқан. Жалын 7 шаршы метр аумақты қамтыған

Өрт сөндірушілер дереу көбік арқылы сөндіру жұмысына кірісіп, өрт 15:57-де толық сөндірілді.

Апат салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ, адам шығыны тіркелген жоқ.