Маңғыстауда 10 жастағы қызды автобус қағып кетті. Ауыр жарақаттың кесірінен сол жерде көз жұмды. Ол реттелмейтін жаяу жүргінші өткелі арқылы жолды қысқартқысы келген. Ал қоғамдық көлік жүргізушісі кенет шыққан баланы көрмей қалған.
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:
Қоғамдық көлік жүргізушісі жол қозғалысы ережелерін сақтамай, реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан жасөспірімді қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан дене жарақатын алған қыз оқиға орнында қаза тапты. Жүргізушіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша тергеу басталды. Қоғамдық көлік айыптұраққа қойылды.