Русский Сайттың толық нұсқасы

Трамп Газа секторы мен Израильді татуластырып, соғысты тоқтатады

  • 10 шілде 2025
  • 96

Трамп тағы уәде берді. Ол осы апта немесе келесі аптада Израиль мен газа секторы арасындағы соғысты тоқтатпақ. АҚШ Президентінің айтуынша, келіссөздер аяқталуға жақын. Ал, Украина Ресейдің бұғатталған активтерінен ақша ала бастады. Президент Владимир Зеленскийдің айтуынша, бұл жұмысты күшейту керек. Ал, Йемендегі хуситтер Парсы шығанағындағы кемелерге шабуыл жасап, 2 күнде 2 танкерді батырып жіберді. Шартараптағы соңғы жаңалықтарды Еркелді Тілеуқұл шолып шықты.

Трамп Газа секторындағы соғысты тоқтатамын дейді. Тіпті, осы аптада 2 жылға созылған қақтығыс аяқталып қалуы мүмкін. Бұл – Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың Вашингтонға сапарының аясында мүмкін болды. Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Трамп соғысты тоқтатуға қарсы еді. АҚШ Президенті: «ХАМАС қолындағы тұтқындар босамайынша, еш көмектеспейміз», - деп бірнеше рет қайталап келген.

ДОНАЛЬД ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:

Әрине, дөе басып айту қиын. Кез-келген сәтте барлығы өзгеріп кетуі мүмкін. Бірақ, менің тікелей атсалысуыммен, екі тарап келісімге келуге әзір. Осы уақытқа дейін біз құпия келіссөздер жүргіздік деп журналистер айтып келе жатыр. Бұның барлығы рас әрі бейбітшілік орнатуға зор мүмкіндік туып отыр.

Украина Ресейдің бұғатталған активтерінен ақша ала бастады. Әзірге тек Ұлыбритания ғана бұл қаражаттарды бере бастады. Сондықтан, Италиядағы Украинаның болашағы бойынша конференцияда Президент – Владимир Зеленский бұл жұмысты күшейту керек, - деп талап етті. Себебі, Кәрі Құрлық елдері үшін өз қаражатын құртпай, Ресей ақшасы арқылы-ақ, Украина қорғанысына көмектесу мүмкіндігі туып отыр.

ВЛАДИМИР ЗЕЛЕНСКИЙ, УКРАИНА ПРЕЗИДЕНТІ:

Ол қаражаттар сіздердің қолдарыңызда. Әр Еуропа елінің парламенті бұл бастаманы басында-ақ ұсынған. Не себепті әлі қолға алынбай отырғанын түсінбей келеміз. Өз бюджеттеріңіз-ақ, Украиналықтарды қорғаудың керемет амалы емес пе? Әйтпесе, бұл ақшаны түптің-түі өз қорғаныстарыңыз үшін жұмсап қалуларыңыз мүмкін.

Йемендегі хуситтер парсы шығанағындағы екінші кемені батырды. Кешегі де, бүгінгі де кемелер грекиялық компанияларға тиесілі. Олар Израильге тауар тасымалдап бара жатқан. Ал, Ансар Алла лаңкестік ұйымы Газа халқына озбырлық көрсетіп отырған Израильден осылай кек аламыз, - деп мәлімдеген.