Технология қарыштап дамыған сайын балалар мен жасөспірімдердің кибербуллингке ұшырауы жиіледі. 2023 жылы ЮНИСЕФ — тің жүргізген соңғы зерттеулеріне сәйкес, елдегі балалардың 15%-ы күн сайын қауіпті контентпен бетпе-бет келетіні анықталды. Ал жастардың 21% - ы кибербуллингке тап болатын көрінеді. Сондай-ақ әрбір оныншы адам онлайн-қанау тәуекеліне ұшыраған. Бұл деректер сенімді әрі қауіпсіз цифрлық орта қалыптастырудың маңыздылығын көрсетіп отыр.
НАДИРА ЕСЕТОВА, ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БҰҰ БАЛАЛАР ҚОРЫ ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС БӨЛІМІНІҢ МАМАНЫ:
Груминг – үлкен адамдардың балаларға жазуы. Фишинг – алаяқтардың жіберетін сілтемелері. Сол туралы біз оларға айтамыз. Дөрекі сөздер айту, кемсітумен күрес жолында біз былтыр Оқу-ағарту министрлігімен «Кибер Тұмар» атты науқан жүргіздік. Ол ата-аналарға, мұғалімдерге және балаларға арналған.