«Дипломмен ауылға» бағдарламасы моноқалалардағы медициналық кадрлардың тапшылығын шешуге мүмкіндік береді. Шығыс Қазақстан облысыдағы «АМАNАТ» партиясының депутаттары мәселені жан-жақты зерттегеннен кейін осындай қорытындыға келді. Себебі бағдарламаның арқасында кейбір ауылдық, аудандық ауруханалар мен емханаларда маман тапшылығы сезілмейді. Сенаторлармен кездесуде депутаттар бағдарлама шағын қалаларды да қамтыса, бұл мәселені түбегейлі шешуге болатынын айтты. Қазір өңірдің Шемонаиха, Риддер, Алтай және Серебрянск қалаларында дәрігерлердің жетіспеушілігі айтарлықтай байқалады. Жас мамандар баспанамен қамтамасыз етілмегендіктен ол жаққа бармайды, дейді халық қалаулылары.
МАРИНА БЫКОВА, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Осы бағдарламаның қолдауымен жастар мемлекет тарапынан жәрдемақы алып, қолдау тапса өте жақсы болар еді. Жас мамандар осы қалаларда қалып, елге қызмет етсе, дамытса дейміз. Біз көтерген мәселелер сенаторлардың қолдауымен оң шешімін табады деп сенеміз.
ОЛЬГА БУЛАВКИНА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:
Облыс депутаттарының белсенділігі жоғары. Дәл қазіргі уақытта медицина мамандарының тапшылығы осындай шағын қалаларда көп кездеседі. Кадр мәселесі әлеуметтік қызмет көрсету саласында да байқалады. Жастарды дайындап, жолдайтын облыс. Десек те бұл мамандар өңірлерге қайтып оралмайды. Сондықтан заңнаманы, тиісті қаулыны өзгерту керек. Біз осы мәселе бойынша жұмыс істейтін боламыз.