Русский Сайттың толық нұсқасы

"Экономиканың барлық салалары стандарттармен қамтылған", - ҚР СИМ

  • 10 шілде 2025
  • 115

Экономиканың барлық салалары стандарттармен қамтылған. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігі мәлімдеді. Бүгінде 9 мыңнан астам қолданыстағы ұлттық стандарттар ауқымы экономиканың әртүрлі салаларын қамтамасыз етеді. Стандарттарды қолдану деңгейі 68 проценттен астқан. Жауаптылар салаға мониторинг жүргізу тәртібі енгізілген.

ҚАНАТ ҚАБЫЛБЕКОВ, ҚР СИМ ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖӘНЕ МЕТРОЛОГИЯ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бүгінгі таңда экономиканың барлық салалары стандарттармен қамтылған. Ұсынылған хабарламалар тізіліміне сәйкес Қазақстанда 830 халықаралық және шетелдік стандарт қолданылады, олардың бейімделуі шамамен 5,5 млрд теңгені үнемдейді. Мұндай құжаттарды тікелей қолдану үшін заңнамада белгіленген шарттарды орындау қажет.