Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада 50-ден астам елдің ұлттық кәсіподақ орталықтарының өкілдері бас қосты

  • 10 шілде 2025
  • 133

Елдегі Кәсіподақтар федерациясының қарамағындағы Заң клиникасына соңғы 5 жылда 6 мыңға жуық шағым түскен. Олардың басым бөлігі жалақы, қауіпсіздік пен еңбек жағдайы және заңсыз жұмыстан шығару мәселелерімен байланысты. Бұл туралы федерация төрағасы «Ұжымдық келіссөздер және жұмыс орнындағы демократия» атты Жазғы мектеп барысында айтты. Халықаралық кәсіподақтар конфедерациясы Бүкілеуропалық аймақтық кеңесінің қолдауымен өткен шара Орталық Азия аймағында алғаш рет ұйымдастырылып отыр. 50-ден астам елден келген қатысушылар жұмысшылардың құқығын қорғау мәселелерін талқылады. Соның ішінде еңбекақы мөлшерін жыл сайын индекстеу бастамасы көтерілді.

САТЫБАЛДЫ ДӘУЛЕТАЛИН, ҚР КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бельгиядан келген әріптесіміз өзінің тәжірибесімен бөлісті. Ол жерде инфляцияның деңгейі бір мөлшерге келген кезде автоматты түрде индекстеу өткізіледі екен. Бұл басқа елдерде жоқ тәжірибе. Біз де қазір ойластырып жатырмыз. Заңды түрде бекітуге ұсынып жатырмыз Үкіметке.