«Ата Заң – тәуелсіздік тірегі». Дәл осындай атаумен Қостанай облысында Конституцияның 30 жылдығына арналған іс –шаралар өтіп жатыр. Жыл басынан бері жүздеген игі бастама жүзеге асты.
Ең әуелі оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында облыстың барлық білім ошақтарында танымдық сабақ өтті. Шәкірттер Ата заңға қатысты викториналық сұрақтарға жауап беріп, сыйлық алды. Конституцияның 30 жылдығына арналған іс –шаралар колледж қабырғаларында да ұйымдастырылды. Бекітілген жоспарды жүзеге асыруға ассамблея өкілдері мен жергілікті атқарушы билік және құқық қорғау органдары айрықша атсалысып келеді. Отыз жылдыққа байланысты тамыздың отызы күні облыстың барлық қаласы мен ауданында ауқымды мерекелік бағдарлама мен концерт жоспарланып отыр.
ӘСЕЛ ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ, ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:
Заңгерлердің қатысуымен жастарға құқықтық кеңес беру, осы қаңтар маусым аралығында мыңнан аса жасқа құқықтық кеңес берілген. Сонымен қатар 35 семинар - тренинг өткізілді облыс бойынша. Оған 3700 жас қатысты. Сонымен қатар бізде кітапханаларда, мұражайларда Ата Заңның 30 жылдығына арналған, конституциямызға құрмет көрсету мақсатында көрмелер ұйымдастырылып жатыр.