Русский Сайттың толық нұсқасы

Аты әлемге әйгілі Backstreet Boys тобы алғаш рет Қазақстанда өнер көрсетеді

  • 10 шілде 2025
  • 239

Қазақстан әлемдік шоу-бизнес картасында жаңа биікке көтерілді. Биылғы қыркүйек айында елге алғаш рет аты аңызға айналған америкалық топ — Backstreet Boys келеді. Алматыдағы концерт қала күніне арналған мерекелік шара аясында, Орталық стадионда өтеді. Шоу сапасы мен билет қолжетімділігіне баса назар аударылған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай ауқымды жобаның келіссөздері былтырдан бері жүріп, нәтижесінде топтың «алтын құрамын» бір сахнаға жинау мүмкіндігі туған. Концерт билеттері 15-ші шілдеден бастап сатылымға шықпақ.

АЛЬФИЯ НҰРҒҰМАРОВА, FIRST MEDIA GROUP КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

Backstreet Boys сынды әлемдік деңгейдегі әртістерді Қазақстанға шақырып, қарапайым концерт ғана емес, елдің мәдени тарихының бір бөлігіне айналатын іс-шара ұйымдастыру – біз үшін үлкен жетістік. Алматы халықаралық сахналар қатарына барған сайын еніп келе жатқанына қуаныштымыз және осы сәтті көрермендерімізбен бөлісу біз үшін мақтаныш.