Русский Сайттың толық нұсқасы

Қытайдың робот иті жүгіруден әлемдік рекорд орнатты

  • AstanaTV
  • 11 шілде 2025
  • 233

Қытайдың Mirror Me стартапы әзірлеген Black Panther II атты төрт аяқты робот 100 метрді небары 13,7 секундта жүгіріп өтті, деп хабарлайды Astana TV.

Бұл – роботтар арасында жаңа бейресми рекорд болып отыр. 2023 жылы оңтүстіккореялық KAIST университетінің роботы бұл арақашықтықты 19,87 секундда жүгіріп өткен.

Уханьдағы жүгіру жолында өткізілген сынақ барысында Black Panther II 9,7 м/сек жылдамдыққа дейін жеткен. Робот секундына 5 қадам жасай алады және жоғары жылдамдықта қозғалғанда да тепе-теңдігін сақтайды, бағытынан ауытқымайды.

Mirror Me компаниясы әлі Гиннес рекордтар кітабына ресми өтініш бермегенімен, сарапшылар бұл жетістікті робототехника саласындағы маңызды кезең деп бағалап отыр.

2023 жылы Чжэцзян университетінің түлектері негізін қалаған Mirror Me стартапы негізінен гуманоид роботтар мен өндірістік манипуляторлар жасайды. 2025 жылдың наурызында олар Hongrun Construction Group құрылыс холдингінен инвестиция алып, роботтарды құрылыс саласына енгізуді көздеп отыр.