Республиканың көп бөлігінде жаңбыр жауып, күн күркіреп, бұршақ соғады, деп хабарлайды Astana TV.
Елдің солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады. Батыста, оңтүстік-батыста, оңтүстікте күн ашық болады. Республика бойынша желдің күшеюі, оңтүстікте шаңды дауыл, солтүстікте тұман болады деп күтіледі.
ТЖМ күн ыстық кезде қауіпсіздік ережелерін еске салады
- көшеде, әсіресе ең ыстық уақытта болуды шектеу;
- қарқынды дене жүктемесін болдырмау;
- тәтті және алкогольді сусындардан аулақ болу арқылы ішу режимін сақтау;
- жабдықталған жағажайларда ғана шомылу;
- балаларды су маңында қараусыз қалдырмау.