Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркістанда көлік тізгіндеген жасөспірімнің әкесі жауапқа тартылды

  • AstanaTV
  • 11 шілде 2025
  • 117
Фото: gov.kz

Түркістан облысында көпқабатты тұрғын үй ауласында жасөспірім автокөлік тізгіндегені анықталды, деп хабарлайды Astana TV.

Тексеру нәтижесінде патрульдік полиция қызметкерлері 40 жастағы жергілікті тұрғын автокөлігін басқаруды жүргізуші куәлігі жоқ ұлына сеніп тапсырғанын анықтады. Ер адамның әрекетіне заң аясында шара қолданылып, көлік айыптұрағына қойылды.

Полиция жүргізуші куәлігі жоқ адамдарға көлікті басқаруға беру заң бұзушылық екенін ескертеді.