Русский Сайттың толық нұсқасы

Ұлытау облысында дронның көмегімен 14 рұқсат етілмеген қоқыс үйіндісі анықталды

  • AstanaTV
  • 11 шілде 2025
  • 115
Фото: Елорда.инфо

Полиция департаментінің қызметкерлері "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында рұқсат етілмеген жерлерге қоқыс тастау фактілерін анықтау жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды Astana TV.

Рұқсат етілмеген жерлерге қоқыс тастау қоршаған ортаға зиян келтіріп қана қоймай, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады.

Анықталған әрбір факт бойынша жедел жұмыстар жүргізіліп, нәтижесінде 32 құқық бұзушы жауапқа тартылды.
Полиция азаматтарды тазалық пен тәртіпті сақтауға, қоқысты белгіленген орындарға ғана тастауға шақырады. Бұл бағыттағы жұмыстарды одан әрі жалғастыра береді.