Бұл құжат 1968 жылғы 8 қарашадағы Жол қозғалысы туралы Вена конвенциясына қол қойған 180-нен астам елде мойындалады. Қазақстан Республикасының "Ішкі істер органдары туралы" Заңының 6-бабына сәйкес, жүргізуші куәліктерін, оның ішінде халықаралық куәліктерді беру ішкі істер органдарының айрықша құзыретіне жатады, деп хабарлайды Astana TV.
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасында халықаралық жүргізуші куәліктері берілмейді. Азаматтардың күмәнді онлайн-сайттар немесе жеке фирмалар арқылы куәлік рәсімдеуге берген өтініштері заңды күшке ие емес. ХЖК ұлттық жүргізуші куәлігінің орнын баспайды, тек оның ресми аудармасы саналады.
Құжат қажет болуы мүмкін:
• шетелде автокөлікті жалға алу кезінде;
• жеке автокөлікпен шекарадан өту кезінде;
• жолдағы тексеру барысында құжаттарды көрсету кезінде;
• шетелде сақтандыруды рәсімдеу кезінде.
Халықаралық жүргізуші куәлігін алу үшін емтихан тапсыру немесе оқудан өту талап етілмейді. Алматы қалалық полиция Департаменті, азаматтарды сақ болуға және алаяқ делдалдардың арбауына түспеуге, күмән туындаған жағдайда аумақтық ішкі істер органдарына жүгінуге кеңес беріледі.