Русский Сайттың толық нұсқасы

Астана-Бурабай бағытында жаңа электр пойызы қатынайды

  • AstanaTV
  • 11 шілде 2025
  • 150
Фото: ҚТЖ

Астана – Бурабай курорты бағыты бойынша «Burabay Express» жаңа буын электр пойызы қатынайды, деп хабарлайды Astana TV.

Сапар барысында жолаушыларға Wi-Fi, борттық тамақтану, онлайн төлем және үш класта да жайлы жағдай жасалған.

Пойыз аптасына 5 рет қатынайды. Жол жүру уақыты – 2,5 сағат. Астанадан сағат 11:00-де шығып, Бурабайға 13:35-те жетеді.

Қайтар жолы – 14:15-те, елордаға 17:00-де келеді. Билеті 45 күн бұрын сатып алуға болады. Бағасы: 2 962 теңгеден 5 805 теңгеге дейін.

Айта кететейік, пойыз Петропавл қаласында өндірілген.