Русский Сайттың толық нұсқасы

Аурухана керуетін 1,2 млн теңгеге бағалаған

  • 11 шілде 2025
  • 103

1 миллион 200 мың теңге. Қызылордада аурухананың бір керуеті осындай соммаға бағаланған. Алтынмен апталып, күміспен қапталған деп ойлап қалмаңыз. Бұл инфекциялық аурхананың бас есепшісінің құйтырқы әрекеті.  Қаржы моноторинг агенттігінің мәліметінше, күдікті медициналық керуерттерді сатып алу бағасын 3 есеге жоғары көрсеткен. Жұбайы дайындаған жалған баға ұсыныстарын негізге алып, серіктестікпен 259 млн теңгеге шарт жасасқан. Негізгі құны 460 мың теңге тұратын керуерттің бағасын құжатқа 1,2 млн теңге деп көрсеткен.

ЕРНАР ТАЙЖАН, ҚР ҚМА РЕСМИ ӨКІЛІ:

Негізсіз қосылған шығын көлемі 129 млн теңгені құрады. Тергеу барысында күдіктілердің 111 млн теңге тұратын мүлкіне тыйым салынды. Мемлекетке келтірілген 129 млн теңге көлеміндегі залал толық көлемде өтелді. Бас есепші 2 ай мерзімге қамауға алынды.Қылмыстық іс сотқа жолданды.