Русский Сайттың толық нұсқасы

Қосшыда ерлі-зайыпты алданып, миллиондаған ақшасынан айырылды

  • 11 шілде 2025
  • 51

Қосшыда ерлі-зайыпты алаяқтың арбауына түсіп, миллиондаған ақшасынан айырылды. Күдікті өзін делдал ретінде таныстырып, тауарлық несиені қолма-қол ақшаға айналдыруды ұсынған. Ол клиенттердің атына ресімделген несиелік техникаларды дүкендерден алып, сатып отырған. Нәтижесінде жәбірленушілер миллиондаған қарызға баттық дейді. Қазіргі таңда күдіктінің осыған ұқсас жолмен өзге де азаматтарды алдағаны анықталып отыр  

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ, ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:

Алаяқтық схемасына сәйкес, күдікті өз қызметі үшін комиссия алып, қалған соманы клиентке қайтарамын деген. Аталған факті бойынша ақпараттық жүйелерді пайдалану арқылы екі немесе одан да көп адамға қатысты жасалған алаяқтық бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция қызметкерлері азаматтарға жеке деректер мен растау кодтарын бөгде адамдарға берудің қауіпті екенін тағы бір мәрте ескертеді.