Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда тауда жоғалып кеткен студенттің мәйіті табылды

  • 11 шілде 2025
  • 96

Алматыда тауда жоғалып кеткен студенттің мәйіті табылды. 18 жастағы Ақылбек Нұрислам 2 шілде күні серуенге шығып, хабар-ошарсыз кеткен. Ұшты-күйлі жоқ болған жігітті іздеу операциясына 40-тан аса адам жұмылдырылған. Құтқарушылар марқұмның денесін дронның көмегімен тауыпты. Қазір ажал құшқан азаматтың жақындарымен психологтар жұмыс істеп жатыр.

САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:

Із-түзсіз жоғалған жас жігіт өлі күйде табылды. Зорлық-зомбылықпен өлімнің белгілері табылмады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.  Оқиғаның мән-жайы анықталуда.