Русский Сайттың толық нұсқасы

Елде 257,5 млрд цифрлық теңге шығарылды

  • 11 шілде 2025
  • 80

Үкімет басшысы цифрлық теңгенің көмегімен ақшаны таңбалауға және қадағалауға байланысты пилоттық жобаларды жүзеге асыру жөнінде жиын өткізді. Бұл Мемлекет басшысының Жолдауда айтқан озық технологияларды енгізу бөлігіндегі міндеттерге сәйкес келеді. Қазір айналымға 257,5 млрд цифрлық теңге шығарылған. Платформа қазір тәжірибелік-өнеркәсіптік пайдалану кезеңінде. Алдағы желтоқсан айында оны толыққанды іске қосу жоспарланып отыр. Жоба оннан астам бағыт бойынша сыналды.  Олжас Бектенов мемлекеттік органдарға Ұлттық банкпен және мүдделі ұйымдармен бірлесіп, экономиканың жекелеген секторларына цифрлық теңгені кең көлемде жедел интеграциялау жөнінде Жол картасын әзірлеуді тапсырды.

БИНҰР ЖАЛЕНОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯЛАУ ЖЕТЕКШІСІ:

Цифрлық теңге 2023 жылы басталған. Қазір пилоттық режимде жүргізіліп жатыр. Ол оннан астам бағыт бойынша сыналды. Атап айтқанда, цифрлық ҚҚС салықты қайтару мерзімін 75-тен 5 жұмыс күніне дейін қысқартуға мүмкіндік туды. Жолдарды жөндеуге арналған қаражатты таңбалау 2 өңірде – Павлодар мен Атырауда жобалар мысалында сыналды.