Павлодар облысында екі мың бес жүзден астам адам зорлық-зомбылыққа ұшыраған. Сондай-ақ, полиция 3 мыңға жуық жәбірленушіге қорғау ұйғарымын шығарды. Десе де, 152 адам талапты бұзып үлгерген. Ал 627 құқық бұзушыға сот арнайы шектеу қойды. Соның ішінде ішімдік ішуге тыйым, психологиялық көмек бар. Ал алкоголь мен есірткіге тәуелді 183 адам мәжбүрлі түрде емге жіберілді.