Русский Сайттың толық нұсқасы

Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығында акушерлік бөлім ашылды

  • 11 шілде 2025
  • 73

Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығында акушерлік бөлім ашылды. Бұл Елордадағы перзентханаларға жүктемені азайтуға мүмкіндік береді. Күні кеше мекемеде тұңғыш қыз дүниеге келді. Ата-анасы оған Кәусар деген есім берген.

ЕРКЕБҰЛАН ТҰРАРОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Шүкір, бәрі жақсы. Палаталар бәрі жаңа. Оборудованиелері жаңа. Дәрігерлер де өте білікті мамандар. Кешеден бері жақсы қызмет көрсетіп жатыр. Біз ризамыз.

Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының ауруханасында 250 төсек-орын бар. Заманауи клиникалық база, 12 операциялық залмен жабдықталған. Орталықтың артықшылығы ретінде санитарлық авиация арқылы науқастарды шалғай өңірлерден жедел тасымалдау мүмкіндігін атап өтуге болады. Жыл басынан бері қазақстандық клиникаларға Германия, Оңтүстік Корея, Вьетнам, Түркия және Египеттен науқастар жеткізілді.

ЕРЖАН ӘДІЛБЕКОВ, ҰШМҮО БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

Біз өңірдегі санитарлық авиацияны сақтап қалған аздаған мемлекеттің қатарына кіреміз. Бұл көршілес елдерде жоқ. Сондықтан, Қазақстан оларға жиі көмек көрсетіп жатады. Бұл арнайы протоколға сай жүргізіледі.