Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда жарты жылда заңсыз балық аулағандарға 4 млн теңге айыппұл салынды

  • 11 шілде 2025
  • 99

Атырауда биылғы жарты жылда  заңсыз балық аулағандарға 4 млн теңге айыппұл салынды.  Қазір полицейлер “Амур” рейдтік іс-шарасы аясында су бетіндегі қауіпсіздік пен заңсыздықты  қадағалап жүр. Бұл жұмыс Жайық өзені мен оның маңындағы экожүйені браконьерлік әрекеттерден қорғау мақсатында қолға алынды. Жыл басынан бері су айдынында заңсыз балық аулауға байланысты 7 қылмыстық іс тіркелді. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің талабын бұзып, балық түрлерін заңсыз аулаған 189 адамға  астам айыппұл салынды. Айта кетейік, браконьерлікке жол бермеу мақсатында облыс көлемінде «Бекіре-2025», «Браконьер», «Киік» сынды жедел-профилактикалық іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп тұрады.

МАКСИМ РАХМЕДЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД БАЛЫҚ ҚОРЛАРЫНА ҚОЛ СҰҒУШЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС БӨЛІМІНІҢ ИНСПЕКТОРЫ:

Ақсай , Ақжар елді-мекендерінде қолдан  жасалған  қытай ау-тор жарағы анықталып,  судан шығарылды. Бір азаматты суға түскенін көріп, бақылап, оған барып, әкімішілік хаттама құқық бұзушылықтың 364-бабы, 1 тармағымен ескерту берілді. Келесі қайталанса, айыппұл салынады.