Русский Сайттың толық нұсқасы

"Әділет органдарын цифрландыру – құқықтық жүйені реформалаудың негізгі бағыттарының бірі", - О. Бектенов

  • 11 шілде 2025
  • 166

Әділет органдарын цифрландыру құқықтық жүйені реформалаудың негізгі бағыттарының бірі. Саланы цифрландыру барысымен танысқан үкімет басшысы осылай деді. Бүгінде  атқарушы іс жүргізуді оңтайландыру, сот сараптама сапасын арттыру мақсатында “E нотариат”, “Цифрлық ассистент”, “Е Сараптама” және “Цифрлық консультант” сияқты сервистер енгізілген. Бұл бастамалар құқықтық қолжетімділікті кеңейтіп, әкімшілік жүктемені азайтуға, сондай-ақ, азаматтардың мемлекетпен өзара іс-қимылын жеңілдетуге, рәсімдердің ашықтығын арттыруға септігін тигізуде.

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

Жалпы өздеріңіз білетіндей, әлемде цифрлық технология, ЖИ қарқынды дамып жатыр. Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасы бойынша елімізде суперкомпьютер пайда болды. Бәріңіз көрдіңіздер. Ол Орталық Азиядағы суперкомпьютер, ең қуатты құрал қолымызда бар енді. Суперкомпьютер бізге, бәрімізге, мемлекеттік органдарға, бизнеске үлкен мүмкіндіктер береді, жаңа цифрлық технологияларды енгізу үшін. Сондықтан осы суперкомпьютерді дұрыстап пайдалана білу керек.