Русский Сайттың толық нұсқасы

"Алатау аманаты" жобасы кәсіпкерлік саласын да өрге сүйремек

  • 11 шілде 2025
  • 171

"Алатау аманаты" жобасы кәсіпкерлік саласын да өрге сүйремек. Депутаттар осындай пікірде. Жоба аясында салынатын ұлттық соқпақ бойындағы негізгі аялдамалар қазірдің өзінде туристік тартымдылығы бар орындарға айналуда. Осындай нысандардың қатарында «Есік» музей-қорығы, Көк Жайлау шатқалы, Үлкен Алматы көлі мен «Oi-Qaragai» тау курорты бар. Соқпақ туристердің таңдауына қарай түрлі деңгейде болмақ. 

1300 шықырымға жуық қашықтықтағы ұлттық соқпақ тек туризм саласын дамытып қоймай, кәсіпкерлік саласына да пайдасын тигізбек. Депутат Сергей Пономорев туристер жол-жөнекей түрлі шаруашылықтарда болып, шағын қонақ үйлерде түнейді. Жоба бизнес өкілдерінің ісін өрге домалатады, дейді. Сондай-ақ мәжілісмен сұлу табиғатты ұтымды пайдалану қажеттігін айтты.

СЕРГЕЙ ПОНОМАРЁВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Міне қараңызшы, айналамыз қандай әдемі! Біз осы тауларда шытырман оқиғаға толы туризмді дамытуды қолға алып отырмыз. 1300 шақырымдық соқпақ жолға кез келген жерден кіріп, кез келген жерден шығып кетуге мүмкіндік жасамақшымыз. «AMANAT» партиясы осы «Алатау аманаты» жобасы арқылы осы соқпақ жолды жақсартып, туристердің жүруіне ыңғайландырады. Жол жиектеріне бағыт-бағдар беретін белгілер қойып, мұнда құтқарушылар да болады.   

 

Алматылық гид Мадина Әбілова таудағы әр жолды жатқа білетінін айтады. Ол бұл жолдарды командасымен әлі де зерттеуде. Олар алдағы екі жылдың ішінде саяхатшыларға қауіпсіз жол ұйымдастырмақ. Жоба барысында туристердің таңдауына қарай түрлі соқпақ жол кездеседі, дейді.

МАДИНА ӘБІЛОВА, ГИД:

Мына проект бізде универсальный миксованный проект. Ішінде жеңіл тропалар да болады. Ол хайкинг. Сосын трихингтер де болады. Скалалазония, альпинизм де болады. Себебі кейбіреуі жаяу жүргенді жақсы көреді. Кейбіреулерге экстрим керек. Соның барлығы ішінде включено болып тұрады. Сол өз мақсатына байланысты турист өзі таңдайтын болады тропаны.

Туристер этноауылдарға, глэмпингтерге, кемпингтерге, визит-орталықтарға, құтқару стансаларына, сондай-ақ гастрономиялық және этномәдени туризм орындарына бара алады. Бұл экожүйе саяхатшыларға пайдасын тигізбесе, еш зиянын келтіре алмайды.

РАШИДА ШАЙКЕНОВА, ҚАЗАҚСТАН ТУРИСТЕР АССОСАЦИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Қазақстанның кәсіпкерлері өздерінің қаражаттарын туристік аумақтардың инфрақұрылымын жаңғыртуға салуда. Қазіргі уақытта түрлі туристік базалар, қонақ үйлер, кемпингтер, глэмпингтер салынып жатыр. Бұл құрылыстар ұлттық саябақтарда, буферлік аймақтарда жүруде. Аталған ғимараттардың құрылысы жеңіл жүретіндіктен, оның табиғатқа ешқандай зияны жоқ.  

Жалпы туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық демалыс орындарында инфрақұрылымды дамыту қажет. Жарық, жол, интернет мәселесін түбегейлі шешіп алған жөн, дейді мамандар.

ДӘМИЛЯ ҚҰНАНОВА, «АТАМЕКЕН» ҚР ҰКП ТУРИЗМ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:

Қазіргі таңда енді басты мәселелердің бірі - электр қуатымен қамтамасыз ету. Сосын интернет желісімен қамтамасыз ету. Сосын қоқыстарды уақытында шығару. Санитарлық қораптарды енгізу. Туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Бұл сұрақтар басты негізгі сұрақтар деп айтуға болады.

Жалпы елімізде ішкі туризм қарқынды дамып келеді. Мамандардың айтуынша, қазір халықтың талғамы өскен. Яғни, қазақстандықтар ел ішінде сапалы саяхаттауды талап етуде.