Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада ұшаққа кешігіп келген ер адам сотталды

  • AstanaTV
  • 11 шілде 2025
  • 112

Ұшаққа кешігіп келген Алматы тұрғыны елорда әуежайында агрессивті мінез көрсетіп, полиция қызметкерлерінің талабына бағынудан бас тартқан, деп хабарлайды Astana TV.

Бас көлік прокуратурасының мәліметіне сәйкес, тергеу барысында ер адамның полицейлерге балағат сөз айтып, ашық қорқытқаны анықталды. Оның әрекеті билік өкілдеріне қарсы қылмыс ретінде бағаланған.

Сот ер адамды кінәлі деп танып, 1 жыл 1 ай мерзімге бостандығынан шектеді.