Русский Сайттың толық нұсқасы

Демалыс күндері 43 градусқа дейін аптап ыстық болады

  • AstanaTV
  • 12 шілде 2025
  • 82
Фото: gov.kz

12-14 шілдеде атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды Astana TV.

12 шілде күні еліміздің батысында ауа температурасы +35+39°С-қа жетіп,  кей аудандарда +40+42°С-қа дейін көтеріледі.

12-13 шілдеде оңтүстік-батыста ауа температурасы +39+44°С, ал 14 шілдеде +38+42°С ыстық болады.

Бұл күні солтүстік өңірлерде ауа температурасы +15+23°С шамасында болады. Шығыста +22+30°С, оңтүстікте +40+43°С, ал оңтүстік-шығыста +35+38°С-қа дейін көтеріледі.