Русский Сайттың толық нұсқасы

Абай облысында сот шешімін қасақана орындамау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды

  • AstanaTV
  • 12 шілде 2025
  • 105

Үржар ауданының прокуратурасы мемлекет пайдасына өндіріп алу туралы сот шешімін қасақана орындамау дерегін анықтады.

Аудан тұрғыны соттың 61 миллион теңге көлеміндегі қарызды өтеу туралы шешімін орындаудан жалтару мақсатында, жалпы құны 12,5 миллион теңгені құрайтын тұрғын үйі мен ауыл шаруашылығы техникасын басқа тұлғаларға рәсімдеген.

Аталған мәмілелер жалған сот актілері негізінде, сот орындаушыларының қатысуынсыз жүзеге асырылған. Түскен қаражатты борышкер мәжбүрлі өндіріп алу рәсімін айналып өтіп, жеке қажеттіліктеріне жұмсаған.

Осы дерек бойынша аудан прокуратурасы ҚР ҚК 430-бабының 3-бөлігі (сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін не атқарушылық құжатты орындамау) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Аталған баптың санкциясы бес жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.